Өзбекстан әртісінің Ресейдегі концертінен кейін бірнеше адам тұтқындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Красноярск өлкесіндегі өзбек әншісінің концерті кезінде рейд жүргізіліп, артынша бірнеше адам тұтқынға алынды, деп хабарлайды Өзбекстанның Новосібірдегі бас консулдығы.

Оқиға 22 қыркүйек күні Красноярск өлкесінің Солонцы ауылындағы банкет залында болған.
Рейд шетелдік азаматтардың Ресейдің миграциялық заңнамасын бұзуы, сондай-ақ заңсыз есірткі айналымы фактілерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Тергеу барысында Ресей Федерациясында болу ережелерін бұзған Өзбекстан Республикасының сегіз азаматы анықталды. Олардың төртеуіне айыппұл салынса, тағы төрт шетелдік азамат елден шығарылып, Краснояр өлкесіндегі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзбекстан Республикасының Новосібірдегі Бас консулдығы аталған тұлғалардың Красноярск өлкесіндегі тиісті ұйымдармен және мекемелермен ресми түрде келісілмеген өзбек эстрада әртісі концерті үшін ғимаратта болғанын, бұл оқиғаға себеп болғанын түсіндірді.
Сонымен қатар, шара арнайы жабдықталмаған ғимаратта өтті.
Дипломатиялық өкілдік Краснояр өлкесінде құқық қорғау органдарының мұндай рейдтерінің заңды негізі болуы және мәдени іс-шараларға кедергі болмауы керек деп есептейді. Консулдық өкілдері Краснояр өлкесінің құқық қорғау органдарына барлық қажетті құжаттар дайындалғанын мәлімдеді.
11 қыркүйектен бастап Ресейден заңсыз мигранттарды депортациялау басталғаны бұған дейін хабарланған болатын.