Өзбекстан Ауғанстанда мұнай мен газ кендерін барлауға кірісті
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Ауғанстанда «Uzbek Overseas Geology Company» компаниясының геологиялық барлау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Өзбекстан Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігінің мәліметінше, барлау жұмыстары Мухаммад-Жандагар, Шамар және Ахмадобод аймақтарында жүргізіледі.

— Балх провинциясы басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Мавлавий Нурул Ходи Абу Идрис пен компанияның бас директоры Хайитбой Омоновтың қатысуымен геологиялық барлау жұмыстарын бастау салтанаты өтті. Компания ауған тарапымен келіссөз жүргізіп, тиісті лицензия алды, — деп атап өтті ведомстводан.

Еске салайық, биыл қаңтарда Өзбекстанда Ауғанстан алтынын өңдеу басталды.
Қоса кетсек, таяуда Ауғанстанда 500-ден астам музыкалық аспапты өртеп жібергенін едік.