Өзбекстан екі жылда Моңғолиядан 100 мың бас ұсақ мал сатып алуға ниетті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Көршілес елдің президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстан мен Моңғолия арасындағы ауыл шаруашылығы және азық-түлік салаларындағы жобаларды іске асыруға бағыттаған қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан екі жылда Моңғолиядан 100 мың бас ұсақ мал сатып алуға ниетті
Фото: Kazinform

Құжатта жазылғандай, Моңғолиядан ұшақпен ұсақ мал импорттайтын өзбекстандық кәсіпкерлердің жарты шығыны мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Мұнымен бірге, шаруаларға 10% мөлшерлемемен 5 жылға несие ұсынылады.

Ресми Ташкент 2027 жылға дейін Ұлан-Батырдан 100 мың бас мал сатып алуды жоспарлап отыр. Тиісінше, 2029 жылдың соңына қарай әкелінген мал басын селекциялау арқылы 1 миллионға жеткізуге ниетті. Сонымен қатар, көршілес мемлекет тері өңдеу ісін жолға қоймақ.

Еске салайық, былтыр маусымда Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді. Оның барысында тараптар 14 құжатқа қол қойып, өзара тауар айналымы көлемін 5-10 есе ұлғайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, Ухнаагийн Хурэлсух пен Шавкат Мирзиёев жауапты ведомстволарға Ұлан-Батыр мен Ташкентте ресми сауда үйлерін ашуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар