Өзбекстан халқының саны 38 миллионға жуықтады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бір жылда Өзбекстанда халық саны 2 пайызға өсіп, 37,8 миллионнан асты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстан халқы
Фото: uza.uz

- 2025 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметке сай, Өзбекстандағы тұрақты халық саны - 37 859 698. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% өсім байқалды», - деп мәлім етті Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінен.

Ресми дерекке сәйкес, халықтың 19,1 миллионы ер, қалған 18,8 миллионы – әйел.

Еске салайық, былтыр сәуірде Өзбекстан халқының саны 37 миллионнан асты.

Қоса кетсек, Өзбекстанда халық санағын өткізу 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Алдын ала есепке сай, оған 800 млрд сум ($63,4 млн) қажет.

Болжамға сәйкес, 2030 жылы Өзбекстан халқының саны 40 миллионнан асады. Ал 2040 жылы бұл көрсеткіш - 46 млн, 2050 жылы 50 миллионға жетуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар