Өзбекстан мен АҚШ маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан мен АҚШ пайдалы қазба байлықтар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан - АҚШ
Фото: АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігі

Тиісті құжатқа ӨР Тау-кен өнеркәсібі және геология министрінің бірінші орынбасары Омонулло Насритдинходжаев пен АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джонатан Хеник қой қойды.

«Келісімнің мақсаты - маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және басқа бағыттар бойынша байланыстарды дамыту. Бұл құжат геологиялық барлау, тау-кен өндірісі саласындағы АҚШ-Өзбекстан диалогын жалғастырудағы маңызды қадам болмақ», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Германия канцлері Олаф Щольц ынтымақтастықты ілгерілететін 8 құжатқа қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар