Өзбекстан мен Ресей АЭС салу келісімшартының күшіне ену хаттамасына қол қойды

Өзбекстанның Атом энергиясы агенттігі
Фото: Өзбекстанның Атом энергиясы агенттігі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Атом энергиясы агенттігі мен «Росатом» Жизақ облысында аз қуатты атом электр станциясын (АЭС) салу келісімшартының күшіне енуіне байланысты хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Аз қуатты атом электр станциясын салу жөніндегі штабтың бірінші отырысы Өзбекстандағы құрылыс алаңында өтіп, оның барысында хаттамаға қол қойылды. Нысанның инфрақұрылымын құру жұмыстары биыл күзде басталады. 

Өзбекстанның Атом энергиясы агенттігі
Фото: Өзбекстанның Атом энергиясы агенттігі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, АЭС-тің алғашқы рекаторы 2029 жылдың соңында іске қосылмақ. Ал ол толық қуатта 2033 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Жалпы Өзбекстанда әрқайсысы 55 МВт болатын 6 шағын реактор салынады. 

Соңғы жаңалықтар