Өзбекстан президенті мемлекеттік сапармен Францияға бара жатыр
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Франция президенті Эмманюэль Макронның шақыруымен бүгін мемлекеттік сапармен Парижге аттанды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Сонымен қатар, Францияның жетекші компанияларымен бірқатар кездесу ұйымдастыру жоспарланған.
Оның барасында Өзбекстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен өзге де өзекті мәселелер талқыланады.
Саммит қорытындысы бойынша мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылмақ.
Еске салайық, Еуроодақ пен Орталық Азия елдерінің алғашқы саммиті биыл сәуірде Өзбекстанда өтеді. Оның барасында өңір мемлекеттері мен еуроаймақ елдерінің арасындағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.
Қоса кетсек, Еуроодақтың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бағдарламасы Орталық Азиямен ынтымақтастықты жалғастырмақ.