Өзбекстан трансауған теміржолының құрылысын биыл бастауға ниетті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбек тарапы трансауған теміржол дәлізінің құрылысын биыл бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан трансауған теміржолының құрылысын биыл бастауға ниетті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

«O'zbekiston 24» телеаранасына сұхбат берген Өзбекстанның Көлік министрі Илхом Махкамов Пәкістан мен Иранның порттарына шығуға мүмкіндік беретін жоба зерделеніп жатқанын атап өтті. Ол үшін Ауғанстан арқылы өтетін 80 шақырым аумаққа қосымша теміржол салу жоспарланған.

- Егер 2024 жылдың соңында бірлескен «Қытай - Қырғызстан – Өзбекстан» теміржолының құрылысы басталса, биыл трансауған дәлізі салына бастайды, - деді И.Махкамов.

Еске салайық, бұған дейін Ташкент пен Кабул трансауған теміржолының құрылысын жеделдетуге мүдделі екенін жазып едік.

Бұған дейін Қазақстан мен Түрікменстан трансауған дәлізін салуға қатысуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ сарапшылар трансауған дәлізі Орталық Азия елдеріне қандай мүмкіндік ашатынын бағдарлап көрген еді.

Соңғы жаңалықтар