Өзбекстан жасанды интеллектіні қолдану деңгейі ең төмен елдердің қатарына енді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — 2025 жылы Өзбекстан жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану бойынша әлемдік рейтингте 147 елдің ішінде 141-орынға жайғасты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Microsoft компаниясына қарасты Экономика және ЖИ институтының зерттеуіне сәйкес, елде жасанды интеллектті пайдалану деңгейі — 6,3%. Бұл көрсеткішпен Өзбекстан рейтингте Сирия мен Шри-Ланкадан кейінгі орында тұр. Одан кейін тізімде Тәжікстан мен Түрікменстан жайғасқан.
Аталған институттың есебінде жазылғандай, Қазақстанда жасанды интеллектті қолдану 13,7% деңгейінде. Тиісінше, еліміз әлемдік рейтингіде 71-орында.
Еске салайық, биыл Өзбекстан жер сілкінісін ЖИ арқылы болжауға кіріседі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан үкіметі ЖИ-ді енгізе отырып, 2 мыңнан астам шенеунікті жұмыстан босатпақ.
Қоса кетсек, биылдан бастап өзбекстандық оқушыларға жасанды интеллект негіздерін оқыту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Өзбекстан үкіметі жемқорлықпен күрес үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне жасанды интеллектті енгізуді жоспарлап отыр.