Өзбекстанда АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Таяуда Өзбекстанда АЭС салу ұсынысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Бұл туралы «Uzatom» агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

- Біз қоғамдық тыңдау өткізуге бағытталған бағдарлама әзірледік және жақын арада оны іске асыруға кірісеміз. Жүргізіп жатқан жұмыстарды жұртшылыққа жеткізу үшін сала мамандарын және шетелдік сарапшыларды тартуды жоспарлап отырмыз. Қоғамдық пікірді ескермей, біз алға ілгерілей алмаймыз, - деді Мәскеуде өткен «Дүниежүзілік атом апталығы» форумына қатысқан Азим Ахмедхаджаев.
Еске салайық, Ресей Өзбекстанда тағы бір АЭС салады. Ол да Джизак облысының аумағында орналасады. Оның қуаты 2000МВт болмақ. Сонымен қатар, бүгінде Тузкан көлінде аз қуатты станцияның құрылысына дайындық жұмысы жүріп жатыр.
Қоса кетсек, таяуда Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде бірнеше АЭС салу бастамасын көтерген болатын. Тиісінше, 25 қыркүйекте алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды.