Өзбекстанда алғаш рет байдарка мен каноэ есуден әлем чемпионаты өтеді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан алғаш рет байдарка мен каноэ есуден әлем чемпионатын өткізеді. Бұл туралы мемлекеттегі Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлады.

каноэ
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Дереккөздің хабарлауынша, 23-25 тамыз аралығында Самарқандта осы спорт түрінен әлем чемпионаты өтеді. Кездесулер Орта Азиядағы жалғыз ескек есу арнасында өтеді.

«Елімізде үш жылдан бері ең танымал спорт түрлерінен әлем чемпионаттары өтіп жатыр. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, жерімізде байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді», – делінген комитет хабарында

Соңғы жаңалықтар