Өзбекстанда әншіні мәдениет министрінің орынбасары етіп тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев мәдениет министрінің бірінші орынбасары лауазымына белгілі эстрада әншісі Озодбек Назарбековты тағайындады.

Өзбекстанда әншіні мәдениет министрінің орынбасары етіп тағайындады

Президент Шавкат Мирзиеевтің қаулысымен «Ёшлар» телеарнасының бұрынғы директоры, Өзбекстанның халық әртісі Озодбек Назарбеков Өзбекстан мәдениет министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды uznews.uz.

Аталған шешім 9 тамыз күні өңірлерді дамытуды жеделдету жөніндегі кеңес барысында қабылданды.

Назарбеков 43 жаста, 2010 жылы Өзбекстанның халық әртісі атағына ие болған.

Айта кетейік, маусым айының соңында Оздобек Назарбеков «Ёшлар» телеарнасының директоры болып тағайындалған еді. Алайда, шілде айының соңында бұл қызметінен өз еркімен бас тартқан ол осы уақытқа дейін телеарнаның продюсері болып келді.