Өзбекстанда электр жүйесіне заңсыз қосылған майнинг ферма $138 мың шығын келтірді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанның Самарқан облысында электр жүйесіне заңсыз қосылып, мемлекетке шығын келтірген майниг фермасы анықталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанда электр жүйесіне заңсыз қосылған майнинг ферма $138 мың шығын келтірді
Фото: Өзбекстанның Бас прокуратурасы

Бас прокуратураның мәліметінше, облыс тұрғыны жиһаз цехын майнинг ферма ретінде қолданып, электр жүйесіне заңсыз қосылған. Оның салдарынан 1,8 млрд сум (шамамен $138,5 мың) шығын келді.

Аталған факті негізінде ӨР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, былтыр газ бен электр энергиясын заңсыз пайдаланған өзбекстандықтар мемлекетке $108 млн шығын келтірді.

Сондай-ақ, таяуда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жасырын құбыр тартып, сол арқылы жанармай тасымалдаумен айналысқандар ұсталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда $38,9 млрд мемлекеттік органдардың бақылауынан тыс қалып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар