Өзбекстанда электромобильдер үшін утильалым құны қымбаттайды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан үкіметі электромобильдер үшін утильалым құнын көтеруді көздейтін қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстанда электромобильдер үшін утильалым құны қымбаттайды
Фото: freepik.com

Құжатта жазылғандай, утильалым мөлшері көліктің жылына байланысты белгіленеді. Атап айтқанда, шығарылғанына 3 жыл болмаған көліктерге 120 базалық есептік шама (шамамен 1,8 млн теңге), ал одан ескі электромобильдердің утильалым құны 210 базалық есептік шама (3,1 млн теңге). 

Осы ретте тиісті министрліктерге утильалымды жинау және қаражатты тиімді пайдалану ережелерін әзірлеу тапсырылды. 

Өзбекстан Министрлер кабинетінің қаулысы 2025 жылдың 1 мамырынан күшіне енеді. 

Еске салайық, былтыр Қазақстан Өзбекстанға ең көп электромобиль экспорттаған елдердің үштігіне енді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ресми Ташкент жеңіл көліктің 80 пайызын Қытайдан импорттап жатыр. Былтыр көршілес мемлекетке шет елдерден 1,28 млрд долларға бағаланған 74,7 мың жеңіл көлік әкелінген. 

Соңғы жаңалықтар