Өзбекстан жеңіл көліктің 80 пайызын Қытайдан импорттап жатыр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Былтыр Өзбекстан шет елдерден 1,28 млрд долларға бағаланған 74,7 мың жеңіл көлікті импорттады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

көлік
Фото: Gazeta.uz

Статистика агенттігінің дерегінше, былтыр Қытайдан 61 мыңнан астам темір тұлпар әкелінген, бұл жалпы импорттың 81,6 пайызына тең.

Екінші орынға 11,9 мың көлікпен Оңтүстік Корея жайғасса, одан кейін тізімде АҚШ (639 көлік), Үндістан (577) және Жапония (168) тұр.

Еске салайық, былтырғы 8 айда Өзбекстанда көлік импорты 21 пайызға артқанын жазып едік.

Мұнымен бірге, өткен жылы қазанда Қазақстан «Өзбекстан темір жолдары» АҚ құрамына кіретін «Құю-механикалық зауытынан» 20 жүк вагоннын сатып алды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл соңына қарай Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинін сатуға шектеу қойылмақ.

Бұған қоса, биыл ресми Ташкент экспорт көлемін 30 млрд доллардан асыруға ниетті.

Соңғы жаңалықтар