Биыл Өзбекстан экспорт көлемін 30 млрд доллардан асыруға ниетті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Инвестиция мен экспорт мәселелері қаралған кеңесте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Шавкат
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, экспортты арттыру үшін тоқыма және электротехника өнеркәсібіне екпін жасалады. Осыған байланысты аталған секторларды қолдауға бағытталған шаралар қабылданбақ. 

– Атап айтқанда, экспорттаушыларды қолдау мақсатында жеке факторингтік ұйым құрылып, оған $100 млн бөлінеді. Өндірісін халықаралық стандартқа сәйкестендірген кәсіпорындардың 20 мың долларға дейінгі шығыны өтеледі. Зерттеу орталықтарына арналған зертханалық жабдықтарға кедендік баж салынбайды. Сонымен қатар, жергілікті өнімдерді өзге нарықтарға шығару үшін 2 млн доллар бағытталады, - деп атап өтті Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын.

Еске салайық, биыл Өзбекстан $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Өзбекстан билігі елдегі кедейлік деңгейін 6% дейін төмендетуге ниетті.

Мұнымен бірге Өзбекстан билігі қосылған құн салығының мөлшерін 2028 жылға дейін көтермейді.

Соңғы жаңалықтар