Өзбекстанда қарашадағы ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. KAZINFORM — 8 қарашада Өзбекстанның Науаи және Бұхара қалаларында жаңа температура рекордтары орнатылды, деп хабарлайды Kazinform.

Узбекистан обновил температурные рекорды ноября
Фото: Daryo,uz

Өзгидрометтің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 8 қарашада Бұхарада ең жоғары температура 30,6°C болды. Бұл 1992 жылы орнатылған алдыңғы рекордтан 1,1°C жоғары, ол кезде температура 29,5°C-қа жеткен.

Науаида 8 қарашадағы ең жоғары температура 30°C болды. Бұл көрсеткіш 1992 жылы орнатылған (28,7°C) алдыңғы рекордтан 1,3°C жоғары.

Өткен аптада Ташкентте де жаңа температура рекорды орнатылды. Сонымен қатар, 6 қарашада сол күннің ең жоғары температурасы Ташкентте де тіркелген болатын, ел астанасында сынап бағаны 26,9°C-ты көрсеткен. бұл 1981 жылы орнатылған алдыңғы 26,4°C рекордынан 0,5°C-қа асып түсті.

Еске сала кетейік, биылғы тамызда әлемде бірнеше температуралық рекорд жаңарды.

Атап айтқанда, 22 тамызда Дүниежүзілік мұхит температурасы бақылау тарихындағы рекордты жаңартты.