Өзбекстанда Sputnik V вакцинасын тіркеу процесі жүргізілуде

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Өзбекстан аумағына коронавирустың кіріп келуі мен таралуын болдырмау және іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі Республикалық арнайы комиссия, Ресейдің Sputnik V вакцинасын ел аумағында сертификаттау және тіркеу процесін бастауды мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Арнайы комиссия ақпаратында, Санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне Өзбекстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың алгоритмі мен жеке рәсімін жасау тапсырылған. Бұл процес асында яғни коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тек ерікті түрде жүргізілуі керектігі айтлып, ең алдымен, коронавирустық ауру жұқтыру қаупі жоғары болған келесі адамдарды вакцинациялау керектігі көрсетілген:

  1. 65 жастан асқан қарттар мен егде жастағы азаматтар;
  2. созылмалы аурулары бар адамдар;
  3. медицина қызметкерлері;
  4. мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері;
  5. халықпен тікелей байланыста болатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Сонымен қатар, Республикалық арнайы комиссияның 2020 жылғы 21 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Германиямен әуе рейстердің тоқтатылуына қойылған (транзиттік рейстермен республикаға кіру, шығу және кіру) шектеу алынып тасталды.

Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстан аумағында қытайлық ZN2001 коронавирустық вакцинасының үшінші клиникалық сынақтары өтіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар