Өзбекстанда вейпке тыйым салынды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев вейп, оған арналған хош иістендіргіш пен сұйықтық әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстанда вейпке тыйым салынды
Фото: Kazinform

Әділет министрлігінің мәліметінше, аталған заңның талабын бұзғандар әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Мәселен, электронды темекінің ірі өндірісі, экспорты және импортымен айналысқандарға 500 базалық есептік шамаға дейін (8,9 млн теңге) айыппұл салынып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал. Сондай-ақ, құқық бұзушы үш жылға дейін түзету жұмыстарына тартылуы мүмкін.

Заңда жазылғандай, егер азамат өз еркімен құқық қорғау органдарына барып, кінәсін толық мойындап, тыйым салынған өнімді тапсырса, онда оған жаза қолданылмайды.

Еске салайық, 2024 жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда вейпке тыйым салынды. Бұл ретте биыл құрамында никотині бар вейп сұйықтарын сатқан елорда тұрғыны сотталды

Соңғы жаңалықтар