Өзбекстанда жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — 8 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:58–де (Гринвич бойынша 03:58–де) Өзбекстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Өзбекстан ТЖМ Республикалық сейсмоболжау мониторингі орталығы.

Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік бойынша 40,55 градус; шығыс бойлық бойынша 72,26 градус.
Магнитудасы — М=4,2. Тереңдігі — 15 шақырым.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Ташкенттен 268 шақырым оңтүстік-шығыста, Андиджан облысының Мархамат ауданында орналасқан.
Сілкініс бірқатар өңірлерде сезілді:
-
Андиджан облысында — 3 балл, эпицентрден 29 км қашықтықта
-
Ферғана облысында — 2–3 балл, эпицентрден 45 км қашықтықта
-
Наманган облысында — 2 балл, эпицентрден 72 км қашықтықта
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат әзірге хабарланған жоқ.
Бұдан бұрын Қырғызстандағы жер сілкінісі Қазақстанның үш аумағында сезілгенін жазғанбыз.