Өзбекстандағы екі канал халықаралық ирригациялық мұра ретінде танылды

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстандағы Достық және Ескі Түйетартар каналдары 2025 жылы WHIS (Дүниежүзілік ирригация мұрасы) сыйлығына лайық деп танылды, деп хабарлайды Өзбекстан Су шаруашылығы министрлігі

Өзбекстан Су шаруашылығы министрлігі
Фото: Өзбекстан Су шаруашылығы министрлігі

Бұл сыйлықты Халықаралық ирригация және дренаж комиссиясы 100 жылдан астам пайдаланылып келе жатқан және тарихи маңызы бар ирригациялық құрылыстарға береді.

Достық каналы Сырдария бассейніндегі Қазақстан мен Өзбекстан арқылы өтетін ірі трансшекаралық нысан саналады. Ескі Түйетартар каналы – Зеравшан өзенінің бойындағы сан ғасырлық гидротехникалық ескерткіш.

Бұл екі канал Орталық Азиядан осы халықаралық тізілімге енгізілген алғашқы нысандар болды.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания Өзбекстандағы көпсалалы медициналық орталықтарды басқаруы мүмкін

Соңғы жаңалықтар