Өзбекстанның Катардағы елшілігі ашылды

Катар астанасы Доха қаласында Өзбекстан Республикасы дипломатиялық өкілдігінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстанның Катардағы елшілігі ашылды
Фото: t.me/uzbekmfa

«Дохада Өзбекстан Республикасы Елшілігінің ашылу салтанаты өтті. Екі ел көшбасшыларының нәтижелі жұмысының арқасында Өзбекстан мен Катар арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді», - делінген Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, биыл мамырда Катардың дипломатиялық өкілдігі Ташкентте ашылған болатын.

«Бұл елшіліктер біздің қарым-қатынасымызды нығайтатыны сөзсіз», - деп мәлім етті ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар