Өзбекстанның жалпы мемлекеттік қарызы 75 млрд доллардан асты

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — 2025 жылдың 9 айында Өзбекстанның жалпы мемлекеттік қарызы 11,3 млрд долларға көбейді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстанның жалпы мемлекеттік қарызы 75 млрд доллардан асты
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстанның Орталық банкінен мәлім еткендей, былтырғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз 37,4 млрд долларға теңелді. Ал корпоративтік борыш 38 млрд долларға жетті. Осылайша, жалпы қарыз мөлшері 75 млрд доллардан асты.

Қоса кетсек, Өзбекстан көлеңкелі экономиканың ішкі жалпы өнімдегі үлесін 29%-ға дейін төмендетуге ниетті.

Сондай-ақ, биыл Өзбекстан мемлекеттік бюджеттің 55% әлеуметтік салаға бағыттайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2025 жылы Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі 145 млрд доллардан асты.

Соңғы жаңалықтар