«Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желісінің құрылысы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай аяқталады
Оның ішінде құны 38 млрд. теңге болатын 9 жоба жүзеге асырылып, 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл мәліметтер сәрсенбі, 9 ақпанда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың аймақ тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтылды.
Аймақ басшысы атап өткендей, «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, ол қазан айында, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай аяқталмақ. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, Түрікменстанмен шекаралас жатқан «Болашақ» стансысының жер аумағында «Каспий» арнайы экономикалық аймағын құру жоспарлануда. Стансы жаңа СЭЗ-дің субсидиялық аймақтарының бірі, ал екінші субсидиялық аймақ ретінде «Кендірлі» болашақ халықаралық туристік аймақ болады деп күтілуде. ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен және Азия даму банкімен бірлесе отыра «Жетібай-Жаңаөзен-Түрікменстанмен шекара» автокөлік жолын және «Атырау-Ақтау» көлік жолының «Бейнеу-Ақтау» учаскесін қайта жөндеу жұмыстары басталып та кетті.