Өзін-өзі өлтірмек болған ақтөбелік кəсіпкер жазадан құтылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өзін-өзі өлтірмек болған кəсіпкер жазадан құтылып кетті. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласының тұрғыны өзін-өзі өлтірмек болып, газ құю станциясындағы цистернаға соқтығысты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, рөлде отырған кəсіпкер дін аман. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды.

«Өзін-өзі өлтірмек болып газ құю станциясына көлігімен соқтығысқан ақтөбелік тұрғынға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Газ станциясының иесі цистернаға зақым келмегенін хабарлады. Тек цистерна орнынан қозғалып кеткен. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі анықталған жоқ. Ақтөбелік қаржылық қиындықтарға тап болған. Прокуратура шешімнің заңдылығын тексеріп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дəулембаев.

Соңғы жаңалықтар