Пәкістан Ауғанстандағы тәліптер үкіметіне соғыс жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістан 27 ақпанға қараған түні Ауғанстанның бірнеше қаласына, соның ішінде астанасы Кабулға әуеден шабуыл жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Пакистан объявил «открытую войну» правительству талибов в Афганистане
Фото: Al Jazeera

Соққылар тәліптердің шекара бойындағы бірнеше сектордағы бекіністеріне, штаб-пәтерлеріне және оқ-дәрі қоймаларына әуеден және жерден бағытталды.

Al Jazeera хабарлауынша, Пәкістанның әскери ұшақтары Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында орналасқан әскери базаға да соққы жасады. Пәкістанның қорғаныс министрі Ходжа Асиф бұны ауған күштерінің ортақ шекара бойындағы шабуылдарынан кейін мәжбүрлі шабуыл деп сипаттады.

- Пәкістанның өткендегі рөлі позитивті болды. 50 жыл бойы ол бес миллион ауғандықты қабылдады. Тіпті бүгін де миллиондаған ауғандық біздің жерімізде күн көріп отыр. Біздің шыдамымыз таусылды. Енді арамызда ашық соғыс басталды, - деп мәлімдеді ол.

Исламабад 133 ауған содырының өлтірілгенін хабарлады. Бұдан басқа тәліптердің тоғыз позициясы басып алынды, тағы 27-сі жойылды.

Ауғанстан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид Пәкістан тарапынан жасалған соңғы шабуылдардан кейін Ауғанстанның Кандагар мен Гельмандтағы Пәкістан әскери базаларына шабуылдарын бастағанын мәлімдеді.

Салдарынан 10 пәкістандық сарбаз қаза тауып, 13 бекініс басып алынды.

Кабулдың мәлімдеуінше, бұл жексенбі күні Пәкістанның шекара аймағындағы ауған позицияларына жасаған шабуылдарына жауап екенін мәлімдеді.

2611 шақырымға созылған ортақ шекарасы бар Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас қазан айында екі тараптан 70-тен астам адамның қаза болуына әкелген қақтығыстан кейін күрт бұзылды.

Исламабад Кабулды ауған билігі Пәкістан тәліптерін қоса алғанда қарулы топтардың Пәкістанға шабуылдарды дайындау және жүзеге асыру үшін өз аумағын пайдалануға рұқсат бергені үшін айыптап отыр.

Талибан бұл айыпты жоққа шығарып, Пәкістанның қауіпсіздігі ішкі мәселе екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Ауғанстанда билік жүргізіп отырған «Талибан» қозғалысының өкілдері Пәкістанға қарсы кең ауқымды шабуыл операциясы басталғанын мәлімдеді.

Осыған дейін Пәкістанда қарулы шабуыл салдарынан 7 адам мерт болды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум