Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді

Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында Шахбаз Шарифті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды. 

Қазақстан мен Пәкістан ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуда. IT-индустрия және қаржы саласы да перспективалы бағыттар болып саналады. 

Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
Фото: ҚР Үкіметі
Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
Фото: ҚР Үкіметі

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Моңғолия Президенті Ухнаагийна Хурэлсуха және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гуттериштің ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram