Пәкістан СІМ отандастарының жағдайын білу үшін Бішкекке барды

Пәкістан Сыртқы істер министрі Бішкектегі зардап шеккен отандастарымен жолығады
Фото: Кабар

БІШКЕК. KAZINFORM  - Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мохаммад Исхак Дар қысқа мерзімді сапармен Қырғызстанға келді. Бұл туралы  Кабар жазды.

Сапар барысында Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қырғыз Республикасының медициналық мекемелерінде тиісті ем қабылдап жатқан отандастарына баруды, сондай-ақ ел басшылығымен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Қырғыз Республикасының астанасында болған шетелдік азаматтарға қатысты оқиғаны баса назарда ұстап отырғанын айтты.

Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті Бішкектегі түнгі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, ондағы этникалық алауыздық пен тәртіпсіздік тудыру әрекеттерін қатаң айыптады. 

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17-18 мамырда Бішкекте болған оқиға бойынша қырғызстандықтарға бейнеүндеу жасады.

 

Соңғы жаңалықтар