21:12, 03 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Пәкістанда автобусқа шабуыл жасалып, 9 адам қаза тапты

Оқиға сенбі күні кешке Гилгит-Балтистан өңірінің солтүстігіндегі Чилас ауданында болған.
Шабуыл кезінде жүргізуші автобус руліне ие бола алмай қалып, жүк көлігіне соқтығысқан. Жүк көлігі өртеніп, салдарынан екі көліктің де жүргізушісі қаза тапты.
Барлығы 26 адам зардап шегіп, олар жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Гилгит-Балтистанның ішкі істер министрі Шамс Лоун журналистерге берген сұхбатында оқиға «лаңкестік әрекет» екенін, өлтірілген адамдар қатарында Пәкістан әскерінің екі сарбазы болғанын хабарлады.
Министрдің сөзінше, сол өңірдегі мүфти Шер Заман да жарақат алған.
«Техрик-и-Талибан Пәкістан» немесе ТТП атымен танымал пәкістандық тәліптер өкілі Мухаммад Хорасани өз мәлімдемесінде бұл оқиғаға топтың қатысы жоқ екенін айтты.