Пәкістандағы су тасқыны: 100-ден астам адам із-түзсіз кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Пәкістанда күшті су тасқынынан кейін құтқарушылар 100-ден астам адамды іздестіріп жатыр, деп жазады Al Jazeera.

Наводнение в Пакистане: более 100 человек числятся пропавшими без вести
Фото: Str/Xinhua

Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, 15 тамызда басталған су тасқыны салдарынан 360 адам мерт болды.

Құрбан болғандардың басым бөлігі елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провициясында тұрған. Бұл аймақта тасыған өзендердің суы бүтіндей ауылдарды ағызып кеткен, көшкін жүріп, үйлер қирап, көптеген отбасы үйінді астында қалды.

Билік әлі де су тасқыны болып, көшкін жүруі мүмкін екенін ескертіп, жергілікті әкімшіліктерді сақ болуға шақырды.

Пәкістанда муссон маусымы әдетте шілдеден қыркүйекке дейін жалғасатын. Ал жаңбыр ең көп мөлшерде түсетін кезі тамызға келеді.

Пәкістанда маусым айының соңында муссон жауындары жауып, оның арты көшкінге ұласты, кенеттен су тасқындары болып жатты, салдарынан 650-ден астам адам мерт болып, мыңы жарақат алды.

Ұлттық табиғи апаттармен күрес басқармасының төрағасы, Генерал-лейтенант Инам Хайдер Малик Исламабадта өткен баспасөз мәслихаты барысында Пәкістанда климаттың өзгеруінен ауа райы да құбылып жатқанын мәлім етті.

- Муссон жауындарының жиілігі биыл өткен жылғыдан 50-60 пайыз жоғары болды,-деді Хайдер.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен провинция – Хайбер-Пахтунгва болды. Онда 425 адам мерт болды, 164 адам Пенджабта көз жұмды.

Осыған дейін Пәкістандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 330-ға жеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар