Пәкістандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1000 адамнан асты

АСТАНА. KAZINFORM — 26 маусымнан бері Пәкістанда толассыз жауған жауын-шашын салдарынан болған су тасқындары салдарынан 1002 адам көз жұмды, деп хабарлайды Анадолы.

Пәкістан
Фото: Анадолы

Бұл туралы Пәкістанның Табиғи апаттардың алдын алу ұлттық басқармасы (NDMA) хабарлады. Құрбандардың қатарында 274 бала мен 163 әйел бар. Сонымен қатар, 1000-нан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Пенджаб провинциясында ғана 2,4 миллионнан астам адам табиғи апат салдарынан зардап шеккен.

Су тасқындары ел инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтірді:

  • 12 мыңнан астам үй бүлінген,

  • 6 509 мал қырылған.

Билік өкілдері бұл тасқындарды 2022 жылғы апаттан кейінгі ең ірі табиғи апат деп атады. Ол кезде 1 700-ден астам адам қайтыс болып, ел аумағының үштен бірі су астында қалған, ал жалпы шығын көлемі 32 миллиард доллардан асқан болатын.

Бұдан бұрын 9 қыркүйекте Пәкістанның Пенджаб провинциясында су тасқыны қаупіне байланысты 25 мың адам эвакуацияланғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум