Пәкістандағы жарылыс: 13 сарбаз қаза тауып, 24-і жараланды

АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас Хайбер-Пахтунхва провинциясында жарылыс болды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Пәкістандағы жарылыс: 13 сарбаз қаза тауып, 24-і жараланды
Фото: Анадолы

Жергілікті Khyber Chronicles газетінің хабарлауынша, Солтүстік Вазиристан аймағындағы әскери колонна жолына қойылған жарылғыш құрылғы қашықтан жарылған. 

Шабуыл салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 13 сарбаз қаза тауып, 24 адам жараланған, оның ішінде 14 бейбіт тұрғын. 

Пәкістандағы терроризм мәселесі 

Пәкістандағы қарулы шабуылдар негізінен Ауғанстанмен шектесетін Хайбер-Пахтунхва және Белуджистан провинцияларында шоғырланған. 

Этникалық пуштундар мен белуджилердің құқықтарын қорғаймыз деген қарулы топтар екі провинцияда да қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады. Исламабад Ауғанстанда орналасқан «Техрик-е-Талибан Пәкістан» (ТТП) Ауғанстан аумағынан шабуылдар жасап жатыр деп мәлімдейді. Кабул бұл айыпты жоққа шығарады. 

Белуджистанда Белуджистан азаттық армиясы (BLA) провинцияның Пәкістаннан бөлінуін және Белужилерді басқаруды жақтайтын маңызды рөл атқарады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Үндістанда Пәкістанға жанашырлық білдірген 81 адам ұсталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар