Пәкістандағы жарылыстан үш қауіпсіздік қызметкері көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Хайбер ауданында қауіпсіздік күштерінің көлігі жарылып, үш қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Тағы үш адам жараланды, деп хабарлайды Синьхуа.

Пәкістандағы жарылыстан үш қауіпсіздік қызметкері қаза тапты
Фото: Oxu.az

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қауіпсіздік қызметкерлері мінген көлік Баркамбархель ауданы арқылы өтіп бара жатып, онда қашықтан басқарылатын жарылғыш зат іске қосылған. Полиция жарылысқа қолдан жасалған жарылғыш зат себеп болғанын мәлімдеді.

Жарылыс жақын маңдағы көліктерге де зақым келтіріп, аймақта үрей тудырды.

Ведомствоның айтуынша, шабуылда қауіпсіздік қызметкерлері нысанаға алынған.

Еске салайық, осыған дейін Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыс болғаны туралы жарияладық

Соңғы жаңалықтар