Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі 14 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. KAZINFORM - Имран Ханға әйелі екеуі жер телімдерін сыйға алды деген айып тағылды, деп хабарлайды Reuters.

Имран Хан
Фото: Александр Щербак/ ТАСС

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан жұма күні сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Үкім Имран Хан 2023 жылдың тамызынан бері қамауда отырған Равалпинди қаласындағы түрмеде шығарылды.

Ханның көмекшісі Омар Аюбтың айтуынша, партия үкімге жоғары тұрған сот инстанцияларына шағым түсіруге ниетті. 

72 жастағы бұрынғы премьер-министрге 2018-2022 жылдар аралығында премьер-министр болған кезінде құрылыс салушыдан заңсыз қызмет көрсету үшін жер телімдерін сыйға алған деген айып тағылды. 

Хан мен оның әйелі Бушра Биби кінәсін мойындамады. 

Іс Ханның премьер-министр болған кезінде ерлі-зайыптылар құрған Al-Qadir Trust қайырымдылық ұйымына қатысты.

Прокурорлар бұл қор құрылыс салушыдан заңсыз жер алу үшін пайдаланылғанын айтады. 

Имранның «Әділет үшін Пәкістан бастамасы» (PTI) партиясы бұл жер жеке пайда үшін емес, бұрынғы премьер-министр құрған рухани және білім беру мекемесіне арналған деп мәлімдейді. 

Соңғы жаңалықтар