Пәкістанның Кабулға жасаған әуе шабуылынан 250 адам мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM — Пәкістандық әуе күштерінің Кабулға жасаған соққылары салдарынан 250-ден астам адам қаза тауып, 400-ден астамы жараланды, деп хабарлайды БЕЛТА.
— Пәкістанның Кабулдағы әуе шабуылы салдарынан 250-ден астам адам қаза тауып, 400-ден астамы жараланды, — делінген Х әлеуметтік желідегі жазбада.
Дүйсенбі күні кешке TOLOnews Plus Telegram арнасы Кабулдың әр жерінде жарылыс пен атыс дыбыстары естілгенін хабарлады. Ауғанстанның жоғарғы жетекшісінің баспасөз хатшысы Забиулла Муджахед Пәкістанның ел астанасындағы оңалту орталығына соққы бергенін, салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар болғанын мәлімдеді. Бұл әрекеті жауапсыз қалмайды деп уәде берді.
Айта кетейік, биыл ақпан айының соңғы күндерінде Ауғанстан Пәкістанға қарсы әскери операция бастағанын мәлімдеді.
Ал Пәкістан 27 ақпанға қараған түні Ауғанстанның бірнеше қаласына, соның ішінде астанасы Кабулға әуеден шабуыл жасады.