Паллиативтік көмекті дамыту жол картасы әзірленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде паллиативтік медициналық көмекті дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының жауабына Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың жауабында айтылған.

Паллиативтік көмекті дамыту жол картасы әзірленіп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

— Денсаулық сақтау министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған халыққа паллиативтік медициналық көмекті дамыту жол картасын әзірлеп жатыр. Онда денсаулық сақтау ұйымдарының КРІ-ын анықтау, нормативтік-құқықтық актілерді, қаржыландыруды жетілдіру, денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымдарын, материалдық-техникалық базасын нығайту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және кадрлық әлеуетін дамыту бойынша іс-шаралар нақтыланған. Бекітілу мерзімі — 2025 жылдың 3-тоқсаны, — деді вице-премьер жауабында.

Ермек Көшербаевтың атап өтуінше, мұнан бөлек паллиативтік көмек көрсетуді жақсарту үшін заң жобасы әзірленіп жатыр.

— Сонымен қатар заң жобасы әзірленіп жатыр. Жобада жүргізілетін толық сауықтыру емімен қатар паллиатвиті көмек көрсету қажеттілігі бөлігінде НҚА-ны жетілдіру бойынша нормалар қарастырылған. Паллиативтік көмек өмірлік бүкіл цикл бойы кешен ем алды компоненттердің бірі ретінде ұсынылады, — деді ол.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі биыл паллиативтік көмекті қаржыландыруды 42 пайызға ұлғайтатындығын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар