Парамен ұсталған Сәтбаев әкімінің ісі сотқа жетті

СӘТБАЕВ. KAZINFORM — Ақпан айының ортасында пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа берілді. Алғашқы сот отырысының күні белгіленді. 

әкім
Фото: Сәтпаев әкімдігі

Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен. 

Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген. 

Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге ҚР ҚК-нің 366-абы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр. 

Бұл күні сот отырысында сонымен қатар қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қарастырылады.

ҚР ҚК 36-бабы 2-бөлігі бойынша сот алдында Досбол Мейірбек жауап береді. 

Еске салсақ, 14 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталғанын хабарлаған болатын.  

Соңғы жаңалықтар