Париж-2024: Қай спорт түрінің әлеуметтік желіде оқырманы көп

АСТАНА. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында Туризм және спорт министрлігі қай спорт түрінің Instagram-да оқырманы ең көп екенін жариялады.

Париж
Фото: KTF

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алған болатын. Оның ішінде 54 атлет жазғы ойындарға тұңғыш рет қатысқалы отырса, 21 спортшы өз мансабындағы екінші Олимпиадаға аттанады.

Сонымен, Instagram-да оқырманы ең көп спорт түрлері:

Бокс — 184 мың оқырман;
Дзюдо — 127 мың;
Таеквондо — 37,3 мың;
Теннис — 31,9 мың;
Күрес — 31,3 мың;
Нысана көздеу — 19,8 мың;
Велоспорт — 10 мың;
Жеңіл атлетика — 8 678;
Триатлон — 6 585;
Үстел теннисі — 5 905;
Гимнастика — 3 465;
Жүзу — 3 049;
Каноэде ескек есу — 2 896;
Семсерлесу — 2 327;
Құзға өрмелеу — 1 501;
Брейкинг — 1370;
Садақ ату — 1 017;
Бадминтон — 625;
Қазіргі бессайыс — 515.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақ спортшылары қандай спорт түрлерінен сынға түсетінін мына сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Төрт жылдық додаға ең көп жолдаманы Қазақстанның қай өңірі жеңіп алғанын да жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Олимпиадаға ең көп спортшы апаратын ел анықталған болатын.

Ал Қазақ спортшылары тәуелсіздіктен бері қарай Олимпиадада қандай белестерді бағындырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар