Париж Олимпиадасына қатысқан алғашқы әйел кім

 Элен де Пуртале
Фото: Levitsky of Paris

АСТАНА. KAZINFORM – Париж Олимпиадасы күн санап жақындап келеді. Осы орайда, Спортты дамыту дирекциясы Франция туралы қызықты фактілердің бірін жариялады. Осыдан тура 124 жыл бұрын Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы әйел спортшының кім екені анықталды.

1900 жылы Париж Олимпиадасында алғаш рет әйелдерге қатысуға мүмкіндік берілді. 5 айға жалғасқан (14 мамыр - 28 қазан) жарыста швейцариялық Элен де Пуртале желкенді спорттан командалық сайыста өнер көрсетіп, күйеуімен бірге чемпион атанған.

Сол сәтте әйелдерге тек үлкен теннис пен гольфтан ғана жүлде (2,2%) сарапқа салынған.

Міне, биыл, яғни 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ерлер мен әйелдердің үлесі алғаш рет 50/50% болып отыр.

Олимпиадалар тізіліміндегі ерлер мен әйелдер үлесі:

Олимпиадаға қатысқан ерлер мен әйелдер үлесі
Фото: Kazinform

Ал, биылғы Олимпиада ойындарында Қазақстаннан сынға түсетін спортшылар арасында ерлердің үлесі - 67,5 пайыз, әйелдердің үлесі - 32,5 пайыз.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақ спортшылары қандай спорт түрлерінен сынға түсетінін мына сілтеме арқылы өтіп біле аласыз. 

XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ең көп жолдаманы қай өңірдің спортшылары жеңіп алғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram