Парижде жарық өшіп, мыңдаған үй электр қуатынсыз қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін таңертең Франция астанасында электр қуаты үзілді, деп хабарлайды BILD.

Париж
Фото: Freepik

Reuters жазғандай, шамамен 170 000 үй уақытша жарықсыз қалды. Бірнеше сағат бойы бағдаршамдар мен көше жарығы сөніп, кейбір метро және қала маңындағы пойыз желілері тоқтады.

Бұған Париждің оңтүстік-батысындағы қаланың қосалқы станциясындағы оқиға себеп болған.

– Бұл Исси-ле-Мулинодағы RTE қосалқы станциясындағы қуаты 200 мегаватт техникалық ақау, - деді электр желісінің операторы және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Қаладағы қозғалыс жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіде толығымен қалпына келтірілді.

Айта кетейік, Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орунбеков елдегі электр энергиясы тапшылығының себебін түсіндірді. Оның айтуынша, энергетика секторында өте өзекті мәселелер бар.

Еске сала кетсек, 2023 жылғы 1 тамыздан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қырғызстанда энергетика секторында төтенше жағдай режимі енгізілді.

2025 жылдың қыркүйегінде Қырғызстан энергетика министрі Таалайбек Ибраев алдағы қыстың аса күрделі болатынын ескертіп, халықты электр энергиясын үнемдеуге шақырды.

Қазіргі таңда Қырғызстан тұтынатын электр энергиясы өндірілген көлемнен артық. Тапшылықты ел көрші мемлекеттерден импорт арқылы жауып отыр.

Министр тұрғындарға электр энергиясын үнемдеуді, тұтыну тәртібін сақтауды, әсіресе жүктеме ең жоғары уақыттарда қуаты көп құралдарды қолданбауды ескертті.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Энергетика министрлігіне электр энергиясына шектеусіз тариф қолдануды тоқтатуды тапсырды.

Ел мектептерінде энергияны үнемдеу шаралары енгізілді.

Ал Бішкекте мейрамханалар, барлар мен клубтар кешкі сағат 22:00-ден кейін жабылады.

Соңғы жаңалықтар