Парижге грек-рим күресінен 4 балуан ғана барады

Грекрим
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік іріктеу турнирінде грек-рим күресінен ел намысын қорғаған екінші балуанымыз да жолдамадан тыс қалды.

Нақтырақ айтсақ, 67 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Дінмұхамед Қошқар ширек финалда қарсыласына жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ол 1/4 финалында грузиялық Рамаз Зоидзедеге 4:9 есебімен есе жіберді.

Грек-рим күресі:

Стамбулдағы әлемдік турнирге грек-рим күресінен 67 келі салмақта Дінмұхаммед Қошқар мен 97 келі салмақта Юсуф Мациев қатысқан болатын. 

Өкінішке қарай, екі балуанымыз да Париж олимпиадасының жолдамасына қол жеткізе алмады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай Юсуф Мациев лицензиялық турнирдің іріктеуінде германиялық балуан Лукас Лазогианистен ұтылып қалған болатын. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда грек-рим күресінен Қазақстан балуандарының еншісінде төрт жолдама бар.

Оларды 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали, 77 келі салмақта Демеу Жадыраев, 87 келі салмақта Нүрсұлтан Түрсынов және 130 келі салмақта Әлімхан Сыздықов Париж

Олимпиадасында ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар