Пәтер үшін досын өлтірген ақтөбелік 13 жылға сотталды

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбелік Жаңабек Құрманғалиев өзінің досын - балалар үйінің тәрбиесінен шыққан жігітті өлтіргені үшін 13 жылға түрмеде отыру жазасына кесілді.
None
None

Бұл туралы «Экспресс К» газетінде баяндалған.

Қарғалы өзенінен құрылыста жұмыс жасап жүрген Алға балалар үйінің түлегі Владимир Господиновтің мәйіті табылды. Ол досы әрі әріптесі Жаңабек Құрманғалиевпен бірге тұрған. Сондықтан да ең бірінші одан жауап алынды.

Жаңабек Господиновті Қарғалы өзенінде екі белгісіз адам өлтіргенін айтқан. Құрманғалиевтің айтуынша, өткен жылдың 6 шілдесінде ол Господиновпен бірге өзен жағасында демалып отырғанда, екі белгісіз адам келген. Жанжал барысында олар Володяны өлтіріп, денесін өзенге лақтырған. Одан кейін Жаңабекті сабап, егер оқиға жөнінде біреуге тіс жаратын болса, оны өлтіретіндігін айтып қорқытқан. Одан кейін полицейлер көршісінен жауап алған, ол Господинов жоғалып кеткеннен кейін оған Жәнібек келіп, Владимир көршісіне сақтауға берген пәтер құжаттарын беруді сұраған. Бұлтартпас дәйектерден кейін Құрманғалиев оны өлтіргенін мойындады. Ол Господиновті өлтіргеннен кейін пәтерді өзіне рәсімдемек болғанын айтқан. Сол үшін досына пышақ салып, денесін өзенге лақтырған.

Соңғы жаңалықтар