Павлодар қаласында тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Облыс орталығында 1268 көпқабатты тұрғын үй бар. Жылу тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен беріліп жатыр.

жылу
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Павлодар қаласы әкімінің қаулысы негізінде 22 қыркүйектен бастап облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосу басталды.

- Ең алдымен, жылу бекітілген кестеге сәйкес жылуды қабылдауға толық дайын үйлерге беріледі. Бұл үдеріс бүкіл қала бойынша жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін біртіндеп жүргізіледі, - деп хабарлады «Павлодарэнерго» компаниясынан.

Бұған дейін Павлодар қаласында әлеуметтік мекемелер 10 қыркүйектен бастап орталық жылу көзіне қосыла бастағанын хабарлағанбыз. Шаһарда 300-ге жуық әлеуметтік мекеме орналасқан.

Екібастұз қаласындағы жер үйлерге де жылу сол уақыттан беріле бастаған.

Соңғы жаңалықтар