17:58, 12 Қазан 2013 | GMT +5
Павлодар қаласы ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің тергеушісі пара алу үстінде ұсталды
ПАВЛОДАР. 12 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің тергеушісі 40 мың теңге пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлады экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Полицей ақшаны А. есімді азаматқа айыппұл тұрағынан өз автокөлігін алуға рұқсат беру үшін алған. Полиция қызметкеріне пара алу фактісі бойынша айып тағылды, қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе шешілуде.