Павлодар және Абай облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Жолды 2026 жылы 8 наурыз сағат 09:00–де ашу жоспарланған, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
— 2026 жылғы 7 наурыз сағат 22:00–де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар KAZ07 «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қаласын айналып өту — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 426 — 587 шақырым аралығында (Кенжекөл ауылы — Абай облысының шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Абай облысында да күн райына байланысты жолдар жабылды.
— 2026 жылғы 7 наурыз сағат 22:00-де Павлодар облысындағы ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар KAZ07 «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қаласын айналып өту — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587 — 733 шақырым аралығында (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, — деп ескертті ҚазАвтоЖол.
Осыған дейін екі облыста ауа райына байланысты жолдар жабылғанын жазған едік.