Павлодар облысында тұратын соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Ертіс-Баян өңірінің аумағында бүгінде көзі тірі 7 қарт майдангер тұрып жатыр. Олардың ең үлкені – 101 жаста.

Павлодар облысында тұратын соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында өңірдегі соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төлеу мақсат етіліп отыр.

- Қазіргі уақытта облыста Ұлы Отан соғысының 7 ардагері тұрады. Ең қарт ардагер Курбатова Мария Даниловна 101 жасқа толса, ең жасы 97 жастағы Ступка Николай Андреевич. Бұған қоса, Жеңіске қол жеткізуге үлес қосқан 3,7 мыңнан астам азаматқа мерекелік және атаулы күндерге біржолғы төлемдер қарастырылған. Бұл төлемдер мәртебесіне байланысты 50 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп хабарлады өңірлік Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Тыл еңбеккерлеріне төлем 100 мың теңгені, Ленинград қоршауында болғандарға – 150 мың, кәмелетке толмаған шағында концлагерьлерде болған тұтқындарға 200 мың теңгені құрап отыр.

Еске сала кетейік, Павлодарда Ұлттық ұлан оркестрі ғасыр жасаған соғыс ардагеріне мереке сыйлады. 

Соңғы жаңалықтар