Павлодар облысында үлкен дүкен өртеніп кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Павлодар облысының құтқарушылары жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бүгін түнде кезекшінің пультіне Павлодар облысы Ертіс ауылында дүкеннің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дереу бір қабатты дүкендегі қызыл жалынды сөндіруге кірісті.
— Отты ауыздықтау жұмыстарына екпінді жел мен боран күрделендірді. Сағат 07:22–де жалпы 470 ш. м. ауданды шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, кеше Семейде үш қабатты монша кешені өртенгені хабарланды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кеткені белгілі болды.
Өкінішке қарай, экипаждағы адамдардың біреуі оқиға орнында көз жұмғаны анықталды.