Павлодар облысында жылу маусымы тоқтатылады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысында 20 сәуірден бастап орталықтандырылған жылу беру тоқтатылады. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында гидравликалық сынақтар басталады.

жылыту маусымы
Фото: БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан

Өңір бойынша қысқы кезеңде 16 энергия блогы, 22 қазандық және 14 турбина жұмыс істеп тұрса, резервте 11 қазандық пен екі турбина болған. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін алдағы қысқа дайындық басталады. Атап айтқанда, 41 негізгі жабдықты жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, 37,4 шақырым жылу желілерін жаңарту көзделіп отыр.

— 20-30 сәуір аралығында облыстың үш қаласында гидравликалық сынақтар өтеді. Желілерінде зақымданулар немесе ақаулар анықталмаған тұрғын үйлерде ыстық су беру сынақтар аяқталған соң бірден қалпына келтіріледі. Ал зақымданулар табылған үйлерде ыстық су жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қосылады, — деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігінен.

Бұған дейін Ақтөбе қаласында жылу маусымының мерзімі ұзартылған еді.

Соңғы жаңалықтар