Павлодар облысында жол жабылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

Павлодар облысында жол жабылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— 2026 жылғы 1 қантарда сағат 03:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы» автожолының 0-263 шақырымы аралығында (Атамекен ауылы — РФ шекарасы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 1 қантарда сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жол учаскесі уақытша жабылды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум