Павлодар облысында барлық деңгейдегі әкімдер 2014 жылдың даму қорытындылары бойынша есеп бере бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қаңтардан бастап Павлодар облысында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулері басталады.
None
None

Әкімдер өздері басқаратын өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп беріп, 2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндайды, сонымен қатар есептік кездесулерде мемлекеттік органдар іс-әрекетінің басым бағыттарының және перспективалық жоспарлардың мақсат-міндеттері талқыланады. Кездесулер барысында өңір тұрғындары проблемалық мәселелерді көтеріп қана қоймай, өз ұсыныстарын мен пікірлерін білдіруге мүмкіндік алады.

Павлодар облысында 148 ауылдық округтер мен ауылдар әкімдері, 13 қала мен аудандар әкімі бар. Осы жылдың 14 қаңтарынан 4 ақпаны аралығында облыстың ауылдық округтері мен ауылдары әкімдері есеп берсе, 19 қаңтардан 13 ақпан аралығында қалалар мен аудандар әкімдері есеп береді.

Облыс әкімінің есептік кездесуі 2015 жылғы 18 ақпанда Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Есептік кезеңде барлығы 571 кездесу өтеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар